Жер сілкінісі болған түні Алматыдан 19 мың көлік шығып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sergek Group мамандардына сілтеме жасап.
Sergek сарапшылары жер сілкінісінің Алматыдағы жол қозғалысына қалай әсер еткенін есептеген. 23 қаңтарға қараған түні Алматыда көлік қозғалысының күрт өскені байқалды. Бұл сағат 00:09-да тіркелген жерасты сілкіністерінің себебінен болған. Өткен аптамен салыстырғанда қозғалыс белсенділігі 4,5 есе өсті.
Белсенділіктің ең жылдам қарқыны түн ортасының алғашқы 30 минутында байқалды. Сағат 01:00-де ең жоғарғы деңгейге жетті. Кейін қаладағы белсенділік біртіндеп азайып, тек таңғы 5:00-де бұрынғы қалпына оралды.
Қызықты фактілер:
Жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағатта жолдағы көліктердің саны 40 пайызға – 168 мыңға дейін өсіп, кейін 208 мыңға жеткен.
23 қаңтарға қараған түні 19 мыңға жуық көлік Алматыдан кетіп қалған. Бұл өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152 пайызға көп.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!