Сенбі, 21 желтоқсан, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жер теліміне деген сұраныс артуда

09.12.2022

672 0

      Халықтың жер меншігіне деген қажеттілігі артпаса, кеміген емес. «Қалалық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің берген мәліметіне сүйенсек, үшінші тоқсанда қала әкімдігіне жолданған және бөлімге келіп түскен 5544 өтініш тіркелген. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, жауап берілген.

         Жер телімдері бойынша қала әкімдігімен мыңнан аса қаулы қабылданыпты. Оның 391-і сатып алу, 1247-сі жалға беру сұранысымен 1638 келісім-шарт жасалып, 18 рет жер комиссиясының отырысы өткізілген. Соның нәтижесінде 1429 құжат әзірленіп, оның ішінде 764 жер учаскісіне оң қорытынды шығарылған. Ал, 665 құжатқа теріс шешім шыққан. Жалпы үшінші тоқсанда қала аумағынан жеке тұрғын үй салу үшін жер сұраған 1755 өтініш тіркелген.

         Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  – барлығы 9911 жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілген екен. Оның ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы – 390 тұлғаға, «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 9521 қызмет көрсетілген.

      Бұдан бөлек, ашықтық, жариялықты қамтамасыз ету, бизнес процестерін оңтайландыру бағытында аукциондар өткізіледі. Жер кодексінің 48 бабының және Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы № 290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» негізінде, биыл жыл басынан бері 3 аукцион өткізілді. Оған кәсіпкерлер тарапынан барлығы 92 өтініш қабылданып, нәтижесінде 29 жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатқа беріліп, бюджетке 42 миллион 358 мың теңге көлемінде қаражат түскен.

Қалада жаңадан бой көтерген  «Бәйтерек» мөлтек ауданында жеке тұүрғын үй құрылысы үшін 516 гектар, жол құрылысына 285 гектар, ортақ пайдаланудағы жасыл желектер үшін 19 гектар, әлеуметтік нысандар құрылысына 51 гектар жер учаскесі белгіленген.

Бұдан бөлек жер кезегінде 2005 жылдан бері тұрған 11087 азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскелерінің көлемін 800,0-1000,0 шаршы метр аралығында орналастырылып, 7587 азаматқа жер учаскесін табыстау мүмкіндігі жасалды. Қазіргі таңда 2005 жылғы өтініш иелері тарапынан қалалық жер қатынастары бөліміне қажетті құжаттарын өткізген барлығы 4739 құжат жерге орналастыру жұмыстарын орындауға жолданып, 4003 азаматқа «Бәйтерек»1-3-4 тұрғын аудандарынан жер табыстау туралы қала әкімдігінің қаулысы қабылданған. Бүгінде жер актісін рәсімдеп алған азаматтар саны 5112-ге жеткен. Ал, жалпы бүгінгі күнге дейін «Бәйтерек-1-3-4» тұрғын аудандарында тұрғын үй құрылысын жүргізген учаскелер саны – 1380, тұрғын үй құрылысы басталған жер учаскелері 384, іргетас құрылысы жүргізілген учаскелер саны – 503, құрылыс жұмыстарына дайындалған учаскелер саны – 687.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: