Бейсенбі, 30 қазан, 14:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Жергілікті деңгейде мажоритарлық сайлау жүйесі өзгеріссіз қалады

30.10.2025

51 0

Фото: Ақорда

Қазақстанда өңірлік және жергілікті деңгейдегі сайлауларда мажоритарлық принцип сақталады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жекелеген партиялардың осы жүйеден бас тарту жөніндегі ұсыныстарына түсініктеме бере отырып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір партия өңірлік деңгейде мажоритарлық принципті мүлде алып тастау мәселесін көтерді. Бұл біз үшін күтпеген жайт болды. Біз: «Жоқ, мажоритарлық деңгей сол қалпында қалады» деп жауап бердік, – деді Қарин.

Оның айтуынша, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары бұрынғыдай бір мандатты округтер бойынша сайлана береді.

Олар жергілікті халықпен тікелей жұмыс істеп, нақты мәселелерді шешеді. Сондықтан сайлаушылар өз депутаттарын тікелей таңдау мүмкіндігіне ие болуы керек, – деді Мемлекеттік кеңесші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: