Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бес жасар бала терезеден құлап, мерт болды

06.06.2024

603 0

Сурет:depositphotos.com

Ақтөбеде жазатайым оқиға болды. Бес жасар бала терезеден құлап мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

​Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

«Жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. ​Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлады, салдарынан бір бала көз жұмды», – деп жазылған өңірлік ПД хабарламасында.

​Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы қауіптен сақтамайтынын естен шығармаңыз
  • балалардың балконға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: