Дүйсенбі, 25 қараша, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жетіммін деп айта алмайды, ата-анасы тірі жүр

12.08.2023

639 0

Ата-ана құқығынан айырылу кімге болса да оңай емес. Бауыр етің балаңнан сот үкімімен айырып жатса, түсінген адамға одан асқан жаза жоқ та шығар… Қызылордада 3 ата-ана сот үкімімен ата-аналық құқығынан айырылды. Бұл ақпаратты Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция басқармасындағылар таратқан ақпаратқа сүйенсек, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған 50 азаматқа сот құзы­рымен әкімшілік шара көрілген.Түнгі уақытта 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 2058 жасөспірім анықталып,  олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілсе, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 74 құжат әкімшілік сотқа жолданып,  сот құзырымен тиісті шара көрілген.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу  мақсатында  түнгі уақытта жасөспірім­дердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдері­нің еріп жүруінсіз және тұрғын  жайдан тыс жер­лерде болған жасөспірімдерді анықтау бағы­тын­да  рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.  Атап айтқанда, есепті мерзімде ІІО-на қадағалаусыз, қараусыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әр­түрлі құқық бұзушылық деректері бойынша  7 ай қорытындысымен жалпы 3227 әкімшілік хаттама толтырылған.

– Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталы­ғына 201 кәмелетке толмағандар тапсырылған. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен 682 әкімшілік хаттама рәсімделді, – дейді қалалық полицияның баспасөз қызметі.  

Полициядағылар балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын 3 ата-ана сот құзы­рымен ата-аналық құқығынан шектелсе, 3 ата-ананың сот құзырымен ата-аналық құқығынан айрылғанын да мәлім етті.

Бұдан бөлек 1 жасөспірім Абай облысы, Көкпекті ауданы, Үлкен Бөген ауылында орна­ласқан «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты» комму­налдық мемлекеттік  мекемесіне бір жыл мерзімге орналастырылды. 

– Қызылорда қаласы көлемінде жасөспірім­дер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстар­дың алдын-алу, заңмен тыйым  салынған уақыттан кейін қоғамдық орындар мен көшеде, ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін кәмелетке тол­мағандарға  әкімшілік шаралар қолданылуда. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға итермелейтін ересек адамдарды анықтау, полиция органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларын тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріп, олар­мен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу мақсатында 5 жедел профилактикалық іс-шара өткізілді. Әрбір ата-анаға кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз, – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция басқармасы берген мәліметтегі 3 ата-ананың құқықығынан айырылғаны туралы де­рек талай адамды жылатқаны анық. Сот та мұн­дай қадамға басқа амалдың қалмағанынан кейін ғана барған шығар?.. Әке-шешесі тірі тұрып, баласы жетімнің күйін кешкен қандай ауыр… Жетіммін деп айта алмайды, өйткені ата-анасы тірі. Ата-анам бар деп те айта алмайды, өйткені ата-ана құқығынан айырылған. Өкінішті… Жанға бататыны да осы.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: