Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 13:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жезқазған-Бейнеу – ғасыр жобасына баланған жол

16.03.2021

4323 0

Ел аумағынан көптеген теміржол құрылысы жүргені белгілі. Атақты Түрксіб құрылысының өзі аңызға айналып, еңбек күшінің жетістігі бүгінге дейін зерттеліп келеді. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бұл бағытты тұралатпай, біршама жоспар құрып, республикаішілік қана емес, еларалық қатынасты жақсартуға бел буды. Соның ішінде Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерінің құрылысы ғасыр жобасы саналады.

Себебі жалпы ұзындығы 1200 шақырымды құрайтын теміржол тармағы Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарын жалғап, мемлекттік көлік-логистикасының даму көрсеткішін көтерді.

Бұл – тәуелсіздік жылдарын­дағы ең ауқымды әрі күрделі темір жол жобасы. Бұған дейін теміржолдың дені кеңес кезеңінде салынғандықтан, олар­ды жөндеу жұмысына біршама қаржы мен уақыт талап ететін. Мысалы, бүгінге дейін ескі 2500 шақырым теміржол жаңадан салынып, республикадағы оң­түстік пен солтүстік, батыс пен шығысты байланыстыратын 1000 шақырым жол жаңарған екен. Сондықтан Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол құрылысы ақсаған саланы аяқтан тұрғызып, тәуелсіздік жылдарындағы ең көлемді құрылысқа айналды

Ең басты ерекшелік, әрине, ауқымы. Құрылыс жұмысының өзіне 10 мыңға жуық жұмысшы тартылған болса, біткеннен кейін 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 46 көпір мен жол өтпесі салынды, 570 су өткізгіш құбыр төселді. 4200 шақырым электр желісі тартылып, өнді­рістік инфрақұрылым нысандары тұрғызылды.

Ғасыр жобасына баланған бас­таманың ел болашағына әсе­рі айтпаса да белгілі. Себебі аталған теміржол шеткері ай­мақ­тағы ауылдардың қала­мен қатынасын жақсартып ғана қойған жоқ, мемлекеттік маңызды тауар айналымы мен экономикалық серпіліске жол ашты. Сондықтан Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл те­­міржолдарын тәуелсіздіктің жар­қын бастамасы деп атауға толық негіз бар

Сонымен, жаңа жол тора­бы шығыстан батысқа, оңтүс­тік­тен солтүстіке дейінгі бұрын­ғы тасымал жолын қысқар­тып, Азиядан – Ресей мен Еуропаға, Каспий арқылы – Әзірбайжан, Гүржістан, Түркия және Оңтүстік Еуропаға, Түркіменстан арқылы – Парсы шығанағы тауар тасымалын жеңілдетті. Халықаралық жүк тасымалының қашықтық уақыты үш есе азайып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ахуа­лын жақсартуға да сеп бол­ды. Оған қоса, жоба тұйық жолда қалған қалаларға жан бітіріп, теміржол маңайындағы өңірлердің дамуына ерекше жол ашуда. Мемлекеттік бастаманың тиімділігін бағамдаған кәсіп­кер­лер де тауар тасымалы ба­ғытында жүйелі жоспар түзуге мүмкіндік алды. Осының бәрі күнібұрын жоспарланған мем­лекеттік жобаның нәтижесі ғана емес, Қазақстан халқының дамыған елдердің қатарына кіру ынтасының жемісі секілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: