Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің кварталаралық жылу желілері жаңартылуда. Ұзындығы 1 шақырым 700 метрді құрайтын жылу құбырларын «Механизатор» ЖШС ауыстыруда. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, қалғаны толығымен күз айлары басталғанша бітеді. Нәтижесінде 50-ден астам көпқабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылады. Жұмыстың жүргізілуін пысықтаған қала әкімі Асылбек Шаменов тиісті сала басшысына және мердігерге жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды.
Қызылорда қаласының әкімдігі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!