Жексенбі, 21 желтоқсан, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Жоғалған малшыны іздеуге дрон мен Starlink жүйесі жұмылдырылды

21.12.2025

56 0

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

20 желтоқсанда кешкі уақытта Ақтөбе облысының Темір ауданында 41 жастағы малшыны іздестіру мақсатында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен байланыс болмаған.

«Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы да жұмыс істеді. Бүгін, 21 желтоқсанда іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық елдімекенінен 30 шақырым қашықтықта тапты», делінген хабарламада.

Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде екені, медициналық көмекке мұқтаждығы жоқтығы да нақтыланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: