Қазақстанның жоғарғы соты некені бұзу істерін қарау тәртібін реттейтін нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 8 шілдеде ҚР Конституциялық соты мәлімдеді.
Түзетулер бұрынғы жұбайлардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Жаңартылған редакцияға сәйкес, ортақ мүлікті бөлу енді некенің қашан бұзылғанына қарамастан, тараптардың өзара келісімімен жүзеге асырыла алады.
Басты жаңалық – талап қою мерзімінің есептелу уақытының өзгеруі. Бұған дейін 3 жылдық мерзім неке ресми түрде бұзылған күннен бастап есептелсе, енді тұлға өзінің мүліктік құқығы бұзылғанын білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап есептеледі.
Бұл өзгерістер 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №55-НП Конституциялық соттың нормативтік қаулысына сәйкес енгізілген. Қаулыда бұрынғы құқықтық нормалар азаматтардың әділ сотқа жүгіну құқығын шектегені және жеке меншік құқығын бұзғаны атап өтілген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!