Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудитінен кейін 28 адам жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар лауазымды адам мен маман тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Аталған саладағы тексеру биыл тамызда өткізіліп, оның барысында түрлі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде Жоғары аудиторлық палата ҚР бюджет және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерлердің жауаптылығын қарауды тапсырды.
Нәтижесінде 28 жауапты адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеуді мониторингтеу басқармаларының басшылары;
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор – Басқарма мүшесі;
Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі;
Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері;
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары;
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: Кредит беру және активтерді басқару департаментінің директоры;
«Тобыл» ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының м.а.;
«Солтүстік» ӘКК және «KOKSHE» ӘКК жауапты қызметкерлері.
Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
