Сейсенбі, 01 сәуiр, 16:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23,2136
01.04.2025
PDF мұрағаты

Жол апаты күрт көбейген

30.03.2025

292 0

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірнеше өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, сонымен қатар, жол апаты көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым», – деді ол.

Сонымен қатар, Берік Асылов қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке, жол апаты көбейгеніне ерекше назар аударды.

«Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Жол апаты күрт өсуі де алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%. Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы тасжолдарда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелері сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды», – деді Бас прокурор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: