Келер жылдан бастап жол жабылған кезде ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері 129 мың теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта бұл айыппұлдың көлемі 117 960 теңге. Көрсеткіштің ұлғаюы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп жазады qazaqstan.tv.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, боран, қатты дауыл немесе техногендік апат кезінде уәкілетті органның талабына бағынбағандар айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, қамау мерзімі 5 тәулікке дейін ұзартылады немесе 50 АЕК (216 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
