Дүйсенбі, 24 қараша, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Жол ережесін бұзған адамды дрон әшкереледі

24.11.2025

40 0

Фото: freepik

20 қарашада патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде дронның көмегімен жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экипаж қызмет атқару кезінде Астана – Петропавл автожолының 315-ші шақырымында Subaru Outback автокөлігінің жүргізушісі Петропавл бағытында келе жатып қауіпті маневр жасағанын байқады.

Ол учаскеде белгіленген «басып озуға тыйым салынған» белгісіне және таңбалаудың үздіксіз сызығына қарамастан, қарсы қозғалыс жолағына шықты.

Деректерді алғаннан кейін патрульдеушілер көлікті тоқтатып, көлік құралының жүру бөлігінде орналасу, қарсы жолаққа шығу және басып озу ережелерін бұзғаны үшін бап бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Асан Байканов атап өткендей, дрондарды пайдалану жол жағдайын бақылаудың тиімділігін едәуір арттырды. Дрондар бізге экипаждардың тұрақты болуын қамтамасыз ету қиын болатын жол учаскелерін қамтуға мүмкіндік береді.

Осы құралдың арқасында біз қауіпті маневрлерді уақытылы тіркеп, ықтимал ЖКО-ның алдын аламыз», – деп атап өтті ол.

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ басталғаннан бері дрондарды қолдана отырып, полицейлер жол қозғалысы ережелерін 30-ға жуық бұзушылықты анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: