Жұма, 05 шiлде, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Жол-көлік оқиғаларын алдын-алу бойынша тиісті тапсырмалар берілді

04.07.2024

39 0

Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының динамикасы 60%-ға өскен.оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан орын алып жатады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады. Бұл мәселені шешудің ең негізгі мәні жас жаяу жүргіншілер – балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету. Жол-көлік оқиғасын алдын-алу мақсатында салаға жауапты мамандардың қатысуымен жиын болып өтті.

Келелі кеңесте облыс әкімінің орынбасары ардақ зебешев облыстық полиция департаментіне, қала аудан әкімдіктерімен бірлесіп ай сайынғы негізде жол-көлік оқиғаларын төмендету, оның ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын азайту бағытында кең көлемде профилактикалық акциялар ұйымдастыруды, автомобиль жолдарындағы авариялық қауіпті учаскелерді анықтап, кемшіліктерді жою және ол аумақтарды жетілдірубойынша тиімді ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ “қазавтожол» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ауылдық елді мекендер мен жайылымдарға жақын автомобиль жолдарының бойына жануарлардың ретсіз шығуын болдырмау мақсатында қоршауларды кезең-кезеңімен орнатуды қарастыруды тапсырды.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: