Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жол жүру билеті жоқ оқушыны автобустан түсіріп кетуге тыйым салынбақ

11.02.2023

777 0

2022 жылы оқушыны жол жүру құжатының болмауы себепті автобустан түсіріп тастауға қатысты ата-аналардың арыз-шағымы көбейген.

2023 жылдың III тоқсанына дейін жол жүру билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіруге заңмен тыйым салу мәселесі реттеледі. Аталған шараға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған. 

Бұдан былай кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан жазатайым оқиғалар фактілерінің бірыңғай статистикалық есебі жасалады. Мысалы, терезеден құлау, жануардың шабуылы, суға бату, өрттен зиян шегу және тағы басқа.

«Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Мұнымен қатар, жол жүру құжаты жоқ балаларды автобустан түсіруге тыйым салу мәселесі құқықтық реттеледі», – делінген жоспарда. 

Министрлік мәліметінше, балаларды қорғауға бағытталған бірқатар шара келесідегідей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыстар 2% азаяды;
  • кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид жасау немесе оқталу 1,5% төмендейді;
  • жыл сайын қосымша біліммен қамтылатын балалар саны 5% артады;
  • төтенше жағдай, жол-көлік оқиғасы және басқа да жазатайым оқиғадан көз жұматын балалар саны азаяды;
  • балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының тиімділігін артады. 

Еске салсақ, балалардың БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алатыны туралы хабарлаған едік. Комитет әр істі қарап, шешім қабылдайды.

Жоспар жобасы 21 ақпанға дейін жария талқыға ұсынылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: