Сейсенбі, 14 қазан, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жолақы 500 теңге бола ма?

14.10.2025

153 0

Фото: BAQ.KZ

Үкіметтегі брифинг барысында журналист әлеуметтік желілерде қызу талқыланған автобустарда жолақы 500 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген пікірге қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері экономикалық тұрғыдан алғанда, тарифтің осындай деңгейге жетуіне қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? Бұған экономикалық негіз бар ма? деп сұрады.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тарифтің өсуіне жалғыз экономикалық алғышарт – тасымалдау шығындарының көбеюі болуы мүмкін.

Мысалы, бұл – жанармай бағасының қымбаттауы. Бірақ тарифті көтеру туралы шешімді әр компания сұраныс пен ұсынысқа байланысты коммерциялық тұрғыда қабылдайды, – деді Әмрин.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл мәселе Үкіметтің ұстанымы емес екенін атап өтті.

500 теңге туралы айтылған пікір – жеке сарапшының көзқарасы ғана. Әрине, қоғамдық көлік халықтың кең тобына бағытталған, сондықтан тарифтің күрт өсуі болмайды. Егер баға өссе, мемлекет қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді, – деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда автобустарда жолақы 500 теңге болуы керек деген пікірлер кеңінен тараған еді. Министрліктер мұндай қымбаттауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: