Aqmeshit-aptalygy.kz – Елордада жолақы бағасы көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Астаналықтар үшін жалақысын былай көтеру ұсынылды:
Қолма-қол төлеу кезінде 220 теңге;
Қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін 110 теңге;
Қазір жолақы 90 теңге мен 180 теңге аралығында.
Қаулы жобасы 5 наурызға дейін ашық талқыланады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте жол жүруге жаңа тарифтер бекітілгені хабарланды. «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлеген кезде жол жүру құны – 100 теңге, яғни 20 теңгеге артты. Қолма-қол төлеген кезде жол жүру ақысы 200 теңгеге дейін артты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!