Бейсенбі, 27 қараша, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

27.11.2025

54 0

Фото: - архив

Желіде Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаға қала полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Видео авторының айтуынша, шабуыл №15 бағыттағы маршруттық автобуста қозғалыс кезінде болған.

Көлік тоқтаған сәтте қорқып кеткен жолаушылар салоннан жаппай шығып кетті. Қақтығыстан кейін ер адам келесі аялдамада түсті, – деді ол.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысы бар барлық адам анықталады. Әрқайсысының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шаралар қабылданады, – деді ведомство өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: