Жұма, 27 желтоқсан, 04:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетілуі керек

25.05.2023

1143 0

Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын жақсарту мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.

​Жұмысшы топ жиын барысында ең алдымен үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифті енгізу мәселесін талқылады. Сараланған тарифтің артықшылығы жолаушылар қоғамдық көлік қызметіне қолма-қол 130 теңге, электронды түрде 85 теңге көлемінде төлем жасайды. Қазірдің өзінде жолаушылардың 91 пайызы электронды түрде төлем жасаса, қалған 9 пайызы ғана қолма-қол тәсілге жүгінеді.

Жолаушылардың жаппай электронды түрде төлем жасауы – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы, қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етіп, автопарктің кірісін арттыруға ықпалын тигізеді.

Бұдан бөлек, жиында халықтың әлеуметтік осал топтарына, оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге жеңілдік қарастыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

​Айта кету керек, аталған жұмысшы топтың құрамында облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жолаушылар тасымалы саласындағы мамандар, қоғам белсенділері және жастар бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: