Бойжеткен Семейге бара жатқан жолда өтіп бара жатқан таксиге отырып жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Абай ауданында қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 2 маусым күні полицияға Бородулиха ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол 1994 жылы туған қызы Динара Ғалиқызы Досымбекованың жоғалып кеткенін хабарлады.
«26 мамырда жоғалған қыз Семей қаласына аттанып кеткен, оның қайда екені белгісіз, полиция қызметкерлері оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілері: бойы 165 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк, шашы ашық қоңыр. Ол джинсы күрте, джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.
Қыздың жоғалғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!