Жол инфрақұрылымы өңір экономикасының маңызды әрі күрделі саласы ретінде әрдайым әлеуетті жоба есебінде қарастырылып келеді. Қазір қала орталығымен қатар, шет аймақ, кент пен ауылдық округтерде жолдарды жақсартуды көздеген ауқымды шаруалар атқарылуда. Солардың бірі деп Қызылөзек ауылдық округіндегі берекелі істерді атауға болады.

Бүгінде ауылдық округте 21 көше болса, оның 12-сі асфальтталған, 8 көшеге қиыршақ тас төселген. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 көшеге жол құрылысы жүргізілсе, 2 көше күрделі жөндеуден өтті. Қазір 2,2 шақырымды құрайтын Мұхамедияр Жабағыұлы атындағы көшеге орташа жөндеу жүргізілуде. Оған облыстық бюджеттен 67 млн. 266 мың теңге бөлінген. Мердігер «Tech Servicе КZ» ЖШС-гі жол құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтау үшін жұмысты жауапкершілікпен атқаруда.

Жалпы, жол инфрақұрылымын дамыту ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі болып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!