Жексенбі, 16 қараша, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Жолдарды жөндеу – маңызды бастама

16.11.2025

51 0

Жол инфрақұрылымын дамыту – аймақ басшысының ерекше назарында тұрған бағыттардың бірі. Себебі, сапалы жолдар – тұрғындардың күнделікті қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шаһардың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне тікелей ықпал етеді.

Ал, жол төсемінің жақсаруы қоғамдық көліктің кедергісіз қатынауына, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің уақытылы жетуіне, сондай-ақ бизнес нысандарының жұмыс тиімділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Жолдарды жөндеу - маңызды бастама

Биылғы жылы негізгі және қосалқы көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Маңызды жобалар тұрғындардың ұсыныстары мен қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асуда. Әсіресе, шет аймақтар мен көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы жолдардың жақсаруы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам саналады.

Жолдарды жөндеу - маңызды бастама
Жолдарды жөндеу - маңызды бастама
Жолдарды жөндеу - маңызды бастама

Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатов қаладағы жолдарды жөндеу және күтіп-ұстау бағытындағы қарқынды жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Жолдарды жөндеу - маңызды бастама

Аталған нысандардың бірі – шет аймақта орналасқан Нұрмағамбетов көшесі. КБИ мөлтек ауданындағы бұл көшемен қоғамдық көліктердің де қозғалысы жиі, сондықтан жөндеу жұмыстарының маңызы жоғары. Мұнда көшенің беткі қабаты алынып, орнына жаңа асфальт жабындысы төселіп жатыр.

Жолдарды жөндеу - маңызды бастама
Жолдарды жөндеу - маңызды бастама


«Тұрғындардың өмір сүру сапасы жоғары болуы тиіс» деген қала әкімі «Мерей» мөлтек ауданындағы аулаішілік жолдарды да қарап, ондағы ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. 3-ші ірілендірілген кварталда болып, ширақ шаруаның жайын көрді.
Нысандарды аралау барысында Нұржан Сәбитұлы мердігер мекеме басшысына жұмыстарды сапалы атқарып, оны уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жауапты сала жетекшілеріне қала ішіндегі әрбір жолды жіті зерделеп, анықталған кемшіліктерді жөндеу жоспарына енгізуді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: