Сейсенбі, 26 қараша, 03:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жолдау – жарқын болашаққа батыл қадам

01.09.2023

670 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.

Жолдауда еліміздің демографиялық ахуалының және ұлт саулығының оң өзгерістері туралы айтылды. «Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты», – деді Президент.

Жолдауда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға ерекше назар аударды. Ел Президенті өндірістік жарақат алудың жиілеуі өте өткір мәселе болып отырғандығын атап өтті. Сондықтан Үкіметке 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек.

Кәсіби аурулардың алдын алуда қажетті сауықтыру және емдеу шараларын жүргізе отырып, міндетті алдын-ала және мерзімді медициналық қарап-тексерулердің маңызы зор. Қызылорда облысында 2023 жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіп, көлік, құрылыс және мұнай өндіру объектілерінде 13689 адам жұмыс істеді, 11919 адам немесе 87,06 % медициналық тексеруге жоспарланды. Барлығы 4447 адам немесе 37,3% медициналық тексерумен қамтылды. Оның ішінде әйелдердің үлесі  533 адам немесе 42,6%. Айта кету керек, соңғы жылдары жұмысшыларды арнайы киіммен және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды.

Бұдан бөлек, Жолдауда ірі өндіріс орындарынан халық денсаулығына келетін қауіптің алдын алу үшін Үкіметке кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауды тапсырды. Себебі ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп бара жатқандығын алға тартты.      Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ендеше, елдің ертеңіне алаңдаған ел Президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуына біз де бірлесе атсалысайық!

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: