«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық кәсіпорны еліміз үшін маңызды жаңа Конституция жобасын ұжыммен талқылап, Ата заңға енгізілген түзетулермен кеңінен танысты.
Орталықтың бас директоры Болатбек Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық филиал басшылары мен мамандары «Zoom» платформасы арқылы онлайн қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты мәселелер, оның негізгі ережелері және елдің одан әрі дамуы үшін маңызды бағыттары айтылды. Сонымен қатар құқықтық аспектілерге және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы әрбір ұжымның рөліне ерекше назар аударылды. Осындай талқылаулар ортақ түсінік қалыптастыруға және барлық деңгейдегі қызметкерлердің хабардар болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Және де жолшылар 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға бей-жай қарамай, ел ертеңі үшін маңызды науқанға қатысуды азаматтық парыз санайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
