Күні кеше жеке өмірін көпшілікке жария еткен актриса Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен жас айырмашылығын сөз еткендерге жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өзінен жеті жас кіші ер азаматпен көңіл қосуына әнші Ерке Есмахан себеп болғанын айтты.
“Мен ғашық болып қалғанымды алғаш рет сезгенімде қатты қуандым. Бірақ уақыт өте оның менен кіші екенін ұғына бастадым. Содан ұзақ уақыт ойға батып жүрдім. Мен өмірімде кездесетін белгілерге сенемін. Сөйтіп Таиландта жүріп осы туралы ойландым, іштей жүрек пен ақыл күресіп жатты. Бірақ өзіме бір белгі берілетін сәтті күтемін деп шештім. Артық ойдан арылып, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, актриса Гүлнәз Жоланова Ерке Есмаханның мешітте неке қиған суретін жариялапты. Бұл маған берілген белгі еді. Мен қатты күлдім де, “түсіндім” дедім де, “Ерке, рахмет, жаным” деп Ерке Есмаханға алғысымды білдірдім. Расымен, Ерке шектеулер мен қатып қалған стеротиптерден менің жолымды ашты”, – дейді актриса ақтарыла.
Әсел Сәдуақасова жас айырмашылығын кедергі деп санамайды.
“Сондан кейін сабама түстім. Бұл да болашаққа қорқынышпен қарау екенін түсіндім. Ешкім қарым-қатынастың мәңгі екеніне кепіл бола алмайды. Мен ер азаматынан жасы кіші қанша жұпты көрдім. Олардың көбі бақытты, бірақ айырылысып кеткен жұптар да жоқ емес. Кейбір адамдардарың арасында тіпті махаббат та жоқ. Жаста тұрған ештеңе жоғын енді түсіне бастадым. Біз – өз тағдырымыздың иесіміз”, – дейді танымал актриса.
Бұған дейін Әсел Сәдуақасова көпшілікке өзінен жеті жас кіші сүйіктісін таныстырған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!