Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда бюджет қаражатының игерілуі және негізгі макрокөрсеткіштердің уақытылы орындалу барысы қаралды. Жиында көтерілген мәселе бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады.
– Қазір жылдық меже бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, міндеттерді нақтылайтын қысқа да, жауапты кезең. Экономикалық өсімнің, бюджеттік түсімдердің, инвестициялық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалу деңгейі қала дамуының айнасы болса, негізгі салалар бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтап, кемшіліктерді шұғыл түзетуіміз тиіс,- деді Нұржан Сәбитұлы.
Сонымен қатар, шаһар басшысы бюджет қаражатын игеру де күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екенін атап өтті. Қаржы игеруде төмен көрсеткіштерге жол бермеу керектігін алға тартып, жауаптыларға қатаң ескерту жасады.
Жалпы, қаланың барлық негізгі экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика бар. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында тұрақты өсім қалыптасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
