Дүйсенбі, 06 сәуiр, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

ЖТС төлеу мерзімі өзгерді: жаңа талаптар қандай

06.04.2026

63 0

Фото: Астана қаласының әікмдігі

Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты жеке практикамен айналысатын азаматтар үшін маңызды мерзімдер жаңартылды. Енді 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары үшін жеке табыс салығын төлеу тәртібі өзгеріп, декларация тапсыру процесі жаңа ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге, оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар (ЖПАА) жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығындағы кезең үшін ЖТС бір жолғы тәртіппен 2025 жылғы 5 қазаннан кешіктірілмей төленуі тиіс. Аталған күн демалыскүніне сәйкес келгендіктен, төлем мерзімі 2025 жылғы 6 қазанға ауыстырылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ИС СОНО ақпараттық жүйесі кезең-кезеңімен пайдаланудан шығарылып жатқанын назарларыңызға саламыз. Осыған байланысты, 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі — 270.00 нысаны) Салықтық әкімшілендірудің интеграцияла нған ақпараттық жүйесі (ИСНА) арқылы ұсыну қажет.

Сонымен бірге, жаңартулар толық аяқталғанға дейін Комитет ЖПАА-ға 270.00 нысанындағы декларацияны ИСНА арқылы 2026 жылғы 15 сәуірден кейін тапсыруды ұсынады.

Комитет 2025 жыл үшін 270.00 нысанындағы декларация — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылуы тиіс екенін еске салады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: