Сейсенбі, 07 сәуiр, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Жүйелі жоспар – міндетті меже

07.04.2026

33 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен мәжіліс өтіп, көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселелері талқыланды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов назарда тұрған мәселені әлі де ширату қажеттігін алға тартып, тиісті сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

Биылғы жылу беру маусымында қала бойынша 40 мың тонна көмір пайдаланылды. Бұл кезеңде көмір қорына қатысты ешқандай мәселе туындаған жоқ. Жеткізу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Алдағы уақытта да осы бағыттағы шаралар жүйелі жүргізілетін болады.

– Келер жылға осы бастан қамдану керек. Ол үшін көмір жеткізушілермен келісім-шарттарды уақытылы жасасып, логистикалық мәселелерді алдын ала шешу маңызды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендердегі газ жүргізілмей қалған аумақтарды газға қосуды ретімен шешуіміз керек. Оған байланысты нақты жоспарымыз бар, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында күн тәртібінен тыс бірқатар мәселелер талқыланды. Ол – аяқ су мәселесі. Қала аумағында шамамен 98,6 шақырымды құрайтын арық жүйелері бар. Су жолдарына тіршілік нәрін жеткізу үшін қажетті шаралардың барлығы пысықталды. Насостар дайындалып, каналдар мен арық жүйелері тазартудан өткізілуде. Жоспар бойынша апта аяғына дейін аяқ су жіберу жүзеге асады.

-«Қызылорда тазалығы» және «KazStroyCapital» мекемелерін жұмылдырып 1 апта мерзім ішінде арық жүйелерінің картасын жасақтаумен қоса, аяқ су бармайтын учаскелерге суды толық жеткізу бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Жасыл желекке қажетті күтім жасауды қатаң тапсырамын. Барлық насос қондырғыларының толықтай іске қосылуын қамтамасыз ету керек, – деді шаһар басшысы.

Отырыста көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша да тиісті сала басшыларына тапсырма жүктелді. Айта кету керек, қазіргі таңда жасы жеткен ер азаматтардың әскери шақыру комиссиясына толық және уақытылы келуі ұйымдастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: