Қазақстандықтар жүк көлігі өртеніп кеткен жүргізушіге 20 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанайда 20 миллион теңге тауары бар жүк көлігі жанып кеткен. Ермек Күнбаевтың жағдайы қазақстандықтарды алаңдатып, олар қажетті соманы жинап берді.
Жүргізуші төрт баланың әкесі екен. Өзі әлеуметтік желіні қолдана алмағандықтан, Айнұр есімді әйел ақша жинауды ұйымдастырған.
Ермек Күнбаевтың өзі видеоүндеу арқылы барлығына алғысын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!