Жұма, 07 ақпан, 12:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Жүк тасымалы аралас салалардың дамуына ықпал етеді

07.02.2025

14 0

Фото: автордан

Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан 2024 жылы жаңа кен орнында өндірілетін темір кені – жүктің жаңа түрін тасымалдау басталды. 2024 жылдың соңғы екі айында 2 мың тоннадан астам кен шығарылды.

Жаңақорған станциясынан 2024 жылдың наурыз айынан бастап сөндірілмеген әктас сәтті тасымалданып келеді. Осы кезеңде 24 мың тоннадан астам тасымалданды. 

Шиелі станциясынан Қазақстанның батыс өңіріндегі автожолдар үшін белсенді пайдаланылатын минералды ұнтақты тасымалдау басталды. 2024 жылы осы материалдың 10 мың тоннасынан астамы тиелді.

Қызылорда станциясы түрлі-түсті және айна әйнектерін тасымалдауға кірісті. Осы жылдың 11 айында шыны зауытының өнімдерін әкету үшін 2,2 мыңнан астам вагон берілді. Тасымалдардың жалпы көлемі 148 мың тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,4% артық.

Жүктердің жаңа түрлерін тасымалдау теміржолшылардың қызмет көрсету аясын кеңейтеді және аралас салалардың дамуына ықпал етеді.

Батырхан Базарбаев,

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ГП Қызылорда бөлімшесінің» директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: