Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жүкті әйел пойызда босанды

21.06.2023

487 0

19 маусымда Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызында ұл бала дүниеге келген. Әйелдің аман-есен босануына жолсеріктер мен жолаушылар көмектескен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылғы 19 маусымда Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды», – деп хабардар етті «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі. «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараны қолданып, ол жайлы пойыз машинисіне хабарлап, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған. Сонымен қатар ұл баланың өмірге келуіне жолсеріктер мен жолаушылар қолқабыс еткен. «Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді», – дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова. Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәрестемен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: