Бейсенбі, 27 қараша, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Жүктілікке байланысты төлемдерге өтініш беру енді банк қосымшалары арқылы рәсімделеді

27.11.2025

39 0

Фото: pixabay.com

Елімізде әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты кірісінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініш беру бұрынғыдай қағазбастылықты талап етпейді. Бұл процесті екінші деңгейлі банктердің цифрлық сервистері арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа тәсіл аналардың уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерді қолжетімдірек етуді көздейді. Яғни, енді банк қосымшасына кіріп, үйден шықпай-ақ қажетті өтініш жолдауға мүмкіндік пайда болмақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлесіп, екінші деңгейлі банктер арқылы пилоттық жобаны іске қосуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, болашақ аналар әлеуметтік төлемге өтінішті тек eGov арқылы ғана емес, банктердің цифрлық сервистері арқылы да бере алады. Мұндай тетік мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін кеңейтіп, төлем алу процесін анағұрлым ыңғайлы етуі тиіс.

Министрлік банктердің бұл процеске қосылуы өтініш беру мерзімін жеделдетуге, мемлекеттік қызметтер порталдарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді деп отыр.

Бұйрық жобасы 11 желтоқсанға дейін көпшілік талқылауында болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: