Сенбі, 21 желтоқсан, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жүрегіміз тарсылдап, бомбапанаға тығылдық». Израильден арнайы ұшақпен жеткізілген әйелмен эксклюзив сұхбат

11.10.2023

642 0

Хамас пен Израиль арасындағы қақтығыстан отандастарын алғаш болып қорғауға ұмтылған ел – Қазақстан. Бұл туралы бүгін түнде Тель-Авивтен тікелей Алматыға репартациялық рейспен ұшып келген қазақстандықтар айтты. Алматының әуежайына барған Massaget.kz тілшісі елге аман-есен оралған бірқатар азаматтармен тілдесіп қайтты. 

Айгүл Әбдикерова жарылысты 7 қазанда таңғы сағат 06:30-да естіген. Оның сөзінше, сол уақыттан бері дұрыс ұйықтамаған. Израильдің Герцлия қаласына қызы мен күйеу баласына 1 ай бұрын демалуға барған Астана қаласының тұрғыны немересімен бірге елге оралғанына қуанышты.

«Жүрегіміз тарсылдап, бомбапанаға тығылдық»

«Қорқыныш қатты болды. Дабыл қағылды. Жүрегіміз тарсылдап, барлығымыз бомбапанаға тығылдық. Халықтың бәрінде үрей болды. Ешбір адам көшеге шықпайды, жұмысқа бармайды. Барлығы үйлерінде. Дүкендердегі тамақтарды талап алып жатыр. Әрбір пәтерде 3 бөлменің біреуі қауіпсіздік бөлмесі. Терезелері толық жабылады. Есігі темірмен бекітілген. Ол жердегі жергілікті тұрғындарда ешқандай қорқыныш жоқ. Біздің елде мұндай жағдай болмағандықтан, бұл бізге өте қорқынышты көрінді. «Air Astana» әуе компаниясына, елшілікке үлкен алғыс білдіреміз. Қызым мен күйеу балам сол жақта қалды», – дейді Айгүл Әбдикерова. 

Ал сол жақта білім алып жүрген Артур Ковалевский Қазақстан отандастарын алғаш болып елге алдырғанына дән риза.

«Тезірек ұшып кетсек екен деген тілекте болдық»

«Мен білімімді жетілдіру үшін барғанмын. Менің нөмірімді қалай тапқанын да білмеймін. Барлығы өте оперативті түрде ұйымдастырылды. Қазақстан – өз отандастарын елге алдыртқан бірінші мемлекет. Тезірек ұшып кетсек екен деген тілекте болдық. Зымыранның атқылағаны, дабыл дауысы барлығы қатты болды», – деді Артур Ковалевский. 

Айта кетейік, Тель-Авивтен Алматыға эвакуациялық рейспен 166 жолаушы ұшып келді. Оның 124-і – Қазақстанның, ал 42-сі – шетел азаматы.

Бұған дейін Израильдегі 16 қазақстандық студент туралы ақпарат жазған едік. 

Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс туралы егжей-тегжейлі мына сілтемеден оқып біле аласыздар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: