Жұма, 31 қаңтар, 01:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

«Жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл»: Дана Нұржігіт Қайрат Нұртастың жары Жұлдызды неге қайрап отыр?

30.01.2025

238 0

Алаш коллаж

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде денсаулығының нашарлап кеткенін айтып, оқырмандарын алаңдатып қойған болатын. Жұлдызға жаны ашыған әпкесі, белгілі тележүргіузші Дана Нұржігіт өз парақшасында актрисаға мықты болуға кеңес берді, деп жазады Alash.KZ.

Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулықты да берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл-“соғыс!”. Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес, жаным! Белді бекем бу! Ол-балаларыңның несібесі, сенің еңбегің, табан ақы, маңдай терің! Неге балаларыңмен далада қалуың керек екен?! Неге ол сенің денсаулығың, кәсібің мен берекеңді алған иттігі үшін жауап бермеуі керек?! Өтесін! Қайтарсын! Адвокатың да мықты болсын! Мен сен жақпын, жаным! Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл-сынақ. Бір бол!
Құшақтап, сүйдім сені, сіңілім! – деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Ескерте кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан төрт жыл бұрын жер үй аламын деп алданып қалған. Қазір сол оны алдап кеткендермен соттасып жүр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: