Жұма, 26 желтоқсан, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Жүргізуші жолаушы әжейді автобустан түсіріп жіберді

26.12.2025

57 0

Фото: Zakon.kz

Алматыда үстінен жағымсыз иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсірген жүргізушінің басы бәлеге қалды. Оған қатысты қызмет тексерісі басталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, жүргізуші зәр иісіне тұншыққан жолаушылардың шағымынан соң, қарияны автобустан шығарып жіберуге мәжбүр болыпты.

Оқиға 118 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте бір мезетте зәрдің өткір иісі сезіліпті. Кейін иістің қариядан шыққаны анықталады. Осыдан соң бірнеше жолаушы жүргізушіге шағымданып, оны көліктен түсіруді талап еткен. Сөйтіп автобус тізгініндегі ер адам аялдамалардың бірінде қарт әйелдің қоғамдық көліктен шығуын талап етеді. Алайда заң бойынша мұндай себеппен жолаушыларды қууға рұқсат жоқ. Дегенмен жауаптылар жолаушылардан шағым түскен жағдайда жүргізуші тиісті шара қолдануға міндетті дейді. Қазір оған қатысты қызмет тексерісі жүріп жатыр.

«Жүргізушіге аталмыш факті бойынша бейнежазбаларды көтеріп, ішкі қызмет тексерісін жүргізген соң белгілі болады. Егер автобус салоны бос болып, адам болмаса немесе жолаушылар тарапынан наразылық білдірілмесе онда жүргізуші ондай факторға көз жұма салады».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: