Сәрсенбі, 08 қазан, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Жүргізушілерге жаңа талаптар мен айыппұлдар енгізілді

08.10.2025

144 0

Фото: kolesa.ru

Қазақстанда көлікті дұрыс қоймау немесе тоқтату ережесін бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері нақтыланды. Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі 11 796 теңгеден 39 320 теңгеге дейін өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тоқтау немесе көлікті қою ережесін бұзу фактісі үшін жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 19 660 теңге.

Ал жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіретін немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдайларда айыппұл көлемі ұлғаяды. Мысалы, көлікті тротуарға, гүлзарға, балалар немесе спорт алаңына қою, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған орындарға тұрақтау сынды әрекеттер үшін 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, ақылы автотұрақ үшін төлем жасамаған жүргізушілерге де жаза қолданылады. Алғаш рет анықталған жағдайда 1 АЕК (3 932 теңге), ал жыл ішінде қайталанса 2 АЕК (7 864 теңге) айыппұл салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: