Дүйсенбі, 08 желтоқсан, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (2205)
06.12.2025
PDF мұрағаты

Жүздеген кәсіпорын 10 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төлемей келген

08.12.2025

44 0

Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстандағы 494 кәсіпорын 10,4 мыңнан астам жұмыскерге жалпы сомасы 2,6 млрд теңге жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі әшкере болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша – 45», – делінген министрлік хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: