Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауырып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодағы кадрларға сүйенсек, актриса қатты сырқаттанып қалғанға ұқсайды.
«Мұратжан, рақмет. Ауырып, жүре алмай қоштасып келіп едім. Жүре алмаймын деп те ойлағанмын. Мұрат жүргізіп жіберді. Жатып алып сөйледі демеңіздер, осылай жата тұру керек екен. Шыдай алмай жақсарғаныммен бөлісіп жатырмын. Жақсы болып қалдым. Қолың дерт көрмесін, Алла разы болсын!», деді ол.
Желі қолданушылары Жұлдызайдың ауырып қалғанын көріп, жаппай деніне саулық тіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!