Жұма, 22 қараша, 13:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жұмыспен айналысу сотталғандар үшін – бостандыққа бастайтын жол

11.01.2023

721 0

Тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азамат темір терезелер жасады.

Ол қамауда отырып-ақ, өзіне де, мекемеге де пайдалы іспен айналысуда .

Қызылорда облысы бойынша түзеу мекемесінің тергеу изоляторының №68 мекемесінде тұрмыстық қызмет көрсету отряды жұмыс істейді – бұл мекемеде шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген оңды мінезді сотталғандар.

Олар: сантехниктер, электриктер, дәнекерлеушілер, шаштараздар, тәртіпшілер, гардеробшылар, тазалаушылар, асхана жұмысшылары, абаттандырушылар, құрылыстар мен құрылыстарды жөндеушілер, БОД (ванна және кір жуу зауыты) жұмысшылары, кір жуу машинистері жұмыс істейді.

Соның бірі Ш есімді азамат. Ол Шиелінің ауданының тумасы. ҚР ҚК- нің 188- бабының 1-бөлігі (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.Төрт баланың әкесі.

Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде дәнекерлеуші болып жұмыс жасайды.

-Мен үшін жұмыс өте маңызды. Өйткені, жұмыс барысында жағымсыз ойлар мен эмоциялардан алшақтап, ең бастысы өзіме де, қоғамға да пайдалы уақыт өткіземін.

Бүгін дәнекерлеу жұмыстарын аяқтадым. Атқарылған жұмыстың нәтижесін көру қандай жақсы. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.

Сүйікті ісіммен айналысу маған шығармашылық күш пен бостандыққа шығуға үміт сыйлайды- деді сотталған өз еңбегінің жемісіне риза болып.

Шынында да, мекемедегі шаруашылық бөліміне қалдырылған 16 сотталғанның еңбекпен айналысуы олардың мінез-құлқына игі әсерін береді.

Жұмыс оларды бойкүйездіктен, әртүрлі жағымсыз ойлардан арылтады.

Ең бастысы жеке тұлға ретінде дамуын арттырып, бойларында өз-өздеріне деген сенімділікті нық орнатуға үлкен әсері бар. Яғни, жұмыспен айналысу сотталғандар үшін – босатандыққа бастайтын жол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: