Сенбі, 22 ақпан, 13:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

«Жұмысшы мамандықтар жылын» атап өтуге байланысты ұсынымдар қабылданды

21.02.2025

119 0

«Достық Үйінде»  «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қызылорда облысында еңбек ресурстарын кәсіби даярлаудағы өзекті сұрақтар мен түйіткілді мәселелер» тақырыбындағы  дөңгелек үстел отырысы өтті.

 Шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қоғамдық даму басқармасы, білім басқармасы,  «Мансап» орталығының сала басшылары, жұмысшы мамандарын даярлайтын колледж директорлары мен кәсіпорын басшылары, Азаматтық альянсы Қауымдастығы мүшелері болып табылатын қоғамдық ұйымдар басшылары, қор жақтастары қатысты.

            Дөңгелек үстел барысында «Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі» республикалық іс-шаралар жоспарының аймақта ұйымдастырылу барысы, қор өкілдігінің колледж оқытушылары мен студенттері, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесуінде айтылған ұсыныс-пікірлері, облыстың «Мамандықтар атласы картасын» әзірлеу, қоғамдық ұйымдар әлеуетін атаулы жылды  атап өтуде пайдалану секілді аса маңызды мәселелер қаралды.

         Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Есенбаев Бекжан Шахизатұлы Қызылорда облысында еңбек ресурстарын кәсіби даярлау барысы туралы,Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Ахметова Ақерке Жалғасбекқызы өңірдің еңбек ресурстарына қажеттілігі туралы мәселені қозғаса, қоғамдық даму басқармасы бөлім басшысы Мықбасов Нұркен Ғабитұлы «Жұмысшы мамандықтар жылы іс-шаралары: маңызы, нәтижелері» туралы ақпаратпен бөлісті.

Колледж басшылары Жұмысшы мамандықтар жылының оқу орындарының базасын жақсартуға, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруға маңыздылығымен ерекшеленеді десе, кәсіпорын басшылары Еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға қатысты облыстық шаралар ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды.  

Дөңгелек үстел ұсынымдары облыс әкіміне жолданатын болады.

Қызылорда облысында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жақтастар саны бүгінде 800-ге жетті. Олардың азаматтық ұстанымдары қордың Манифестінде айтылған әрбір өзекті мәселелермен үндесіп, осы бағытта бірлесе  жұмыс жасауға ниеттенген белсенділер. Бүгінгі дөңгелек үстел отырысында қор жақтастары өз ойларын бір арнаға тоғыстырып, Жұмысшы мамандықтар жылында қарапайым жұмысшылардың түйіткілді мәселелерін ең алдымен шешуді қарастыру бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарылатын Ұсынымдарын қабылдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: