Бейсенбі, 13 наурыз, 15:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік

13.03.2025

16 0

Фото: видеодан скрин

Жастарды әлеуметтендіруге арналған «Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» атты шара өтті. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, олардың әлеуетін таныту және жастар мен жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну болып табылады.

Шара барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева қатысушы жастарға оң бағыт-бағдарын беріп, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үрдісімен танысуға мүмкіндік берді. Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатындағы бағдарламаларға тоқталды.

Мүмкіндіктер алаңы аясында қатысушылар жаңа кәсіптермен танысып, сала мамандарымен сұқбаттасу арқылы көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Кеңес берушілер жастардың өзекті мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде, «Білім беру және даму мүмкіндіктері» кәсіптік бағдар беру, профориентолог түсіндірме жұмыстары, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» әрбір жас үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету, «Донор бол – өмір сыйла!» қайырымдылық акцияларына қатысып, әр жас өзіне қажетті кеңес алды.Бұл шара жастарға өз болашағын жоспарлап, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде бос жұмыс орындарын ұсынатын жергілікті 33 мекемеден 236 вакансия ұсынылса, өзге өңірдегі 58 мекемеден 600-ге жуық вакансия ұсынылды.

Шара соңы «Донор бол – өмір сыйла!» қайырымдылық акциясымен жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: