«ZHAS PROJECT» шағын грант алу байқауы
Жобаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
«Zhas Project» қатысушыларына бірнеше талаптар қойылады:
•ҚР азаматы болуы, қатысушының жасы өтініш беру кезінде 18 -35 жас аралығында болуы керек;
•Өтініш берген кезде облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы;
•Өтініш беру кезінде азамат уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы керек.
Шағын грантқа өтініш 9-22 қазан аралығында қабылданады. Ал өтініштерді байқауға іріктеу 23 қазан мен 31 қазан аралығында өтеді. 1 қарашада байқау жеңімпаздары хабарланады.
«Zhas Project» шағын гранты – бір адамға 1 млн теңгеге дейін беріледі.
Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 әлеуметтік жоба ұсына алады. Байқау туралы толығырақ https://www.zhaspro.kz сайтында өтініш қалдыруға, сондай-ақ жоба туралы ақпарат бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!