Бейсенбі, 20 қараша, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

«Жұрт кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр» – депутат жалақыны кешіктіру мәселесін көтерді

20.11.2025

44 0

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев азаматтар қарызға тамақ алып жүргенін айтып, өзекті мәселені көтерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қоғамдағы қымбатшылық деңгейін көріп отырмыз, күн сайын өсіп жатыр. Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесін көріп отырмыз. Осының барлығы азаматтардың лайықты өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін мәселелер екенін білеміз. Азаматтар тағы бір мәселемен ұшырасып отыр. Заңды түрде жұмыс істеп жатқан азаматтар уақытында жалақысын ала алмайды. Жұмыс берушілер уақытында төлемейді. Салдарынан азаматтар несиесін уақытында жаба алмайды. Супермаркеттерде біздің азаматтарымыздың кредитке тамақ алып ішуге мәжбүр екенін көреміз», – деді депутат.

Нартай Аралбайұлы алдағы уақытта мұндай жағдайда жұмыс берушілерге қандай шара қолданылатынын сұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев депутаттың сауалына жауап берді.

«Жұмыс беруші уақытында айлық төлемесе, жауапкершілікке тартылады. Еңбек кодексінде белгіленген. Олардың жауапкершілігін көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Жұмыс беруші конфедерациясы және «Атамекен» ұлттық палатасы айыппұлды көтеру жағына қарсылық білдіріп отыр. Себебі жұмыс берушілердің бәрінде мүмкіндік жоқ. Қазір талқыланып жатыр», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: