Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Жұртшылықтың наразылығын тудырмау үшін анасы туыстарына жіберген» – 11 жасар қызды өз әкесі зорлаған болуы мүмкін

26.07.2023

1171 0

«НеМолчи» қоры алматылық 11 жасар қызды өз әкесі зорлаған болуы мүмкін деген ақпарат таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«НеМолчиkz» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Алматы облысында болған. 

Болған оқиға туралы қыздың досы кездейсоқ біліп, қоғамдық қор жетекшісіне хабарлаған.

Сондай-ақ, ол қор мен облыстық полиция департаментіне ақпаратты тексеруді сұрап арызданған.

Аты-жөнін жасырған құрбысының айтуынша, зардап шеккен 11 жасар қыздың анасы оқиғаны біліп, жұртшылықтың наразылығын тудырмау үшін қызын Шымкенттегі туыстарына жіберген.

Қордың айтуынша, оларда зорлауға қатысты барлық деректер бар. Оның ішінде хабарламалардың скриншоттары, көмек сұраған қыздың аудио жазбалары және мас әкенің балаларын қорқытқан видеосы. 

Сондай-ақ, құрбысының айтуы бойынша, қыз гинекологқа барып тексерілген. Онда сынықтар мен жаралардың орны анықталған. Айтпақшы, қыз отбасындағы жалғыз бала емес, оның інісі мен қарындасы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: