Сәрсенбі, 20 тамыз, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Журналиске тілін шығарған судьяның үстінен тексеріс жүргізіледі

20.08.2025

56 0

Фото: Видеодан скриншот

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталған іс бойынша төрағалық еткен судьяға Әбинұр Қарабаевқа қатысты тергеу тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарады.

Шымкент сотының баспасөз қызметі судьяның тәртібі жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

«Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу туралы қылмыстық істі қарау кезінде төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін тергеліп жатыр», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

«Судьяның беделін түсіретін құқықбұзушылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберіледі», – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: