Сенбі, 23 қараша, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Журналистер одағы жаңа мүшелермен толықты

29.06.2023

633 0

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Журналистер одағы ұйымының қатары жаңа мүшелермен толықты.  Жылдағы дәстүр бойынша одақтың облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев 20 адамға мүшелік билет табыстады. Олардың қатарында аға буын өкілдері мен жас тілшілер де бар.

Мерекелік шарада филиал төрағасы журналистердің қоғамдағы орны туралы айта келіп, ұйымға жаңадан қабылданған жандарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.

– Журналистер тынымсыз еңбектің адамы. Ал одаққа мүше болу – үлкен сенім. Қазіргідей уақытта сол сенімге, жалпы қаламгерлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету – парыз. Сіздерді осы сенім үдесінен шығады деп сенемін, – деді филиал төрағасы А.Сақыпұлы.

Мұнан соң ұйымның куәлігі мен төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті. Облыстық «Сыр бойы» газетінің ардагері, осы кәсіби мерекеде  «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағын иеленген Жолдасбек Ақсақалов әріпрестерін төл мерекемен құттықтап, талапты, талантты жастарға ыстық лебізін арнады.  

– Өркениетті елдердің қайсысында болмасын бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мерзімдік басылым ерекше ықпалдылыққа ие болып келеді. Сол себепті де журналистиканы қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей сала дейміз. Одаққа мүшелікке қабылданған тілшілерге әрдайым шынайылық пен ақиқатты серік етіңдер дегім келеді. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ақпарат саласының қарымды қаламгеріне айналып, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, – деді ол.

Қазақстан Журналистер одағы ұйымына қабылданғандардың дені осы салада талай жылдан бері қызмет етіп жүрген жандар. Олардың қатарында әріптестеріміз «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Жәнібек Исаев, Жанна Балмағанбетова, Наталья Черней, Инна Бекеева, Индира Әбдірахманова, «Қазақстан дәуірі» жалықаралық қоғамдық саяси газетінің облыстағы меншікті тілшісі Анархан Марданова және «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің белсенді авторы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов бар.

Сондай-ақ, осы шарада «Қызылорда» телеарансының қызметкерлері Лемара Иргайбаева, Әсия Нұрлыбаева, Дәулет Сағит, Амина Үсенова, Динар Рахман, Арал аудандық «Толқын» газетінің тілшісі Назерке Маратқызы, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі Маржан Құрманғалиева, «Жалағаш жаршысы» газетінің қызметкерлері Нұржамила Алмас, Ақтоты Бүркітбай және Сыр бойы газетінің тілшісі Аружан Ералы сияқты жастар да аталған ұйымның куәлігін алды.

Одаққа мүшелікке қабылданған аға буын атынан Бауыржан Елеусінов пен Анархан Марданова сөз алып, ықыласын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: