Сәрсенбі, 20 қараша, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Журналистерге жасалған қастандықты тергеу ісін Президент бақылауына алды

22.01.2023

716 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасына жариялады.

Ел басшысының айтуынша, ол қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалды. 

«Президент құқық қорғау органдарына журналистерге бағытталған бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуы тиіс», – деп жазды Руслан Желдібай.

Естеріңізге салсақ, 14 қаңтарда Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенді. Араға бірнеше күн салып, журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне белгісіз біреулер монтаждау көбігін құйып, YouTube-арнасының атауын жазып кеткені хабарланды. Екі оқиғаны да олар қызметіне байланысты жасалған қастандық деп топшылап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: