Бейсенбі, 30 қаңтар, 09:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Жуырда алғашқы АЭС құрылысы туралы келісімдерге қол қоямыз — Олжас Бектенов

28.01.2025

288 0

Фото: Aqorda

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде салынуы мүмкін екінші және үшінші АЭС құрылысына арналған аумақтарды анықтау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

– Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында 3 Жылу электр орталығын салу жобаларын іске асыру басталды. Олар 2032-ші жылға дейін кезең-кезеңмен іске қосылады. Биыл 166 Мегаватт бу және гидрогенерация, сондай-ақ Жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 нысанда 450 МВт қуат пайдалануға беріледі. Жел энергиясы станцияларының негізгі компоненттерін шығаратын зауыт құрылысы басталды, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы АЭС құрылысына да тоқталды.

– Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын, – деді Премьер-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: