Сейсенбі, 08 шiлде, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды

08.07.2025

52 0

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер арасында цифрлық сервистерге деген сұраныстың  артқанын атап өтті. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілді, бұл қызмет көрсету процесін едәуір жеделдетті.

QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта    1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,

Сервисті қолдану үшін смартфонға «ЦОН» мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, «ХҚКО кезегіне талон» батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады. Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: