Жұма, 27 желтоқсан, 06:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 1000 адам басым кезек қызметін пайдаланды

11.11.2024

344 0

​Жыл басынан бері Қызылорда облысының 1000 тұрғыны дербес менеджер қызметін пайдаланды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы.

Айзада Әбдіханова жеке менеджердің қызметін пайдаланған мыңыншы қызмет алушы болды. Ол жер учаскесіне құқық алу үшін құжаттарды рәсімдеуге келді. Жеке менеджердің қызметі туралы ХҚКО-ға жүгінгенге дейін білген.

«Біз өмір бойы өз үйін салуды армандадық. Жер учаскесін сатып алуға шешімге келдік. Туыстарым жеке менеджердің қызметін пайдалануға кеңес берді. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы сервис», – дейді Айзада Әбдіханова.

Кез келген қызмет алушы жеке менеджердің қызметін пайдалана алады. Басым кезек бойынша қызметтерді алу үшін қызмет алушы ресепшндегі маман-кеңесшіге жүгініп, «жеке менеджер» қызметін сұрауы керек.

Айта кетейік, қажет болған жағдайда жеке менеджер үйіңізге де бара алады.

Естеріңізге сала кетейік, қызмет алушылар жеке менеджердің қызметтерін үйге тапсырыс бере алады. Тағы да, сіз дайын құжаттарды Астана данғылы 46 мекен-жайы бойынша орналасқан тәулік бойғы постомат арқылы ала аласыз, сондай-ақ дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: